Бейсенбі, 28 наурыз, 18:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан америкалық мұнай компаниясын сотта жеңіп шықты

28.03.2022

747 0

Америкалық мұнай компаниясымен инвестициялық арбитраж Қазақстан пайдасына аяқталды.

2022 жылғы 25 наурызда 460,1 млн доллар сомасына «Big Sky Energy Corporation» (Big Sky) мұнай компаниясы берген талап-арыз бойынша Қазақстан пайдасына шығарылған арбитраждық шешім күшіне енді.

Big Sky компаниясы Қазақстанға қорғауға жұмсалған шығындар үшін 575 мың доллар өтеуі керек.»Арбитраждық процесс барысында Big Sky компаниясы мемлекетке қатысы жоқ, үшінші тұлғалармен жеке келісімшарттарды орындаумен байланысты 460,1 млн доллар мөлшеріндегі елеулі залалды Қазақстан Республикасынан өндіріп алуға тырысты. Бұл ретте Big Sky Қазақстан мен АҚШ арасында жасалған инвестициялық келісімнің ережелері «бұзылғанын» желеу етіп, залалды мемлекеттен өндіріп алмақ болды», – делінген хабарламада.

Қазақстан трибуналға келісім ережелерін бұзбағанын анық көрсетті.

Ал Big Sky Қазақстанға шығынды әлі күнге дейін өтеген жоқ. Айта кетері, бұл шығындар мемлекет бюджетіне аударылады.

«Қазақстан шығыстарды өтеу туралы шешімді орындау бойынша тиісті қадамдар жасайды. Әділет министрлігі тиісті құқықтық тетіктерді пайдалана отырып, шетелдік арбитраждарда мемлекет мүддесін қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырады», – деді Қазақстанның әділет министрі Қанат Мусин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: