Жұма, 26 сәуiр, 01:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан Қырғызстанға әскери мүлік береді – Қорғаныс министрлігі

11.05.2022

729 0

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Қазақстан Қырғызстанға қандай әскери көмек көрсететінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірі қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов келісімге 2021 жылы 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қол қойылғанын айтты.

«Келісім Қырғызстанға бір реттік әскери мүлік беруді қарастырады, оның атауы мен көлемі дипломатиялық арналар арқылы келісілген. Әскери техниканы Қырғызстан Республикасының Кой-Таш елді мекеніне автокөлікпен жеткізу шығындарын қазақстандық тарап қамтамасыз етеді және көтереді. Қырғыз тарапы алынған әскери мүлікті тек қауіпсіздік мақсатында пайдаланады, үшінші тарапқа бермейді және ТМД-ға мүше мемлекеттерге қарсы пайдаланбайды», – деді Камалетдинов.

Ол Орталық Азияға іргелес аймақтардағы күрделі қауіпсіздік жағдайға, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатердің өсуіне байланысты әскери-техникалық көмек көрсету Қырғызстан Қарулы Күштерінің осы қатерлерге тойтарыс беруіне және қауіпсіздікті күшейтуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: