Жексенбі, 08 желтоқсан, 07:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандағы лаңкестік әрекеттерге қатысты діни ағым анықталды

27.01.2022

1181 0

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысушылардың арасында «Йакын Инкар» діни ағымының мүшелері болған. Бұл туралы «Қасіретті қаңтар» деректі фильмінде айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған деректі фильмде елімізде тыйым салынған ұйымның бірнеше жақтасының ұсталғаны туралы айтылады. Олардан қарулар, гранаталар, оқ патрондары мен діни кітаптар тәркіленген. 2018 жылдың қазан айында елордалық сот «Йакын Инкар» ұйымын экстремистік деп таныған. Бас прокуратура «Йакын Инкар» ұйымының Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи жамағат» экстремистік ұйымының бір қанаты екенін анықтады.

«Ұйымның мақсаты – конституциялық құрылысты күшпен өзгертуді, егемендікті бұзуды, оның ішінде Қазақстан аумағында халифат құруды көздейді. Бұл ұйымның жақтаушылары басқа діндердің өмір сүру құқығын үзілді-кесілді жоққа шығарады және олармен қақтығысы болады деп болжайды. Ал бұл діни экстремизм ұғымына жатады», –  делінген 2018 жылдағы соттың берген есебінде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: