Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 15:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ қызметкерлері балаларға тәттілер таратты

01.06.2022

996 0

1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері балаларға қуаныш сыйлады.


Погондағы қызметкерлер облыстағы «Атамекен» үлгісіндегі балалар ауылына барып, балаларды қуантты. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндерге тәттілер таратты. Бұл үйде қиын өмірлік жағдайға тап болған, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады.


«Бүгінгі мереке бәрімізге ортақ, себебі бала қуанса, бәріміз қуанамыз. Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін»,- деп тілек білдірді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры А. Мамбетов.


Мереке сайын балаларды қуантуға асығатын ҚАЖ қызметкерлеріне «Атамекен» отбасы үлгісіндегі ауылының басшылығы алғысын айтып, қызметтеріне табыс тіледі.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: