Жексенбі, 08 желтоқсан, 02:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазпошта клиенттерінің жеке деректері тарап кетті – Кибер шабуылдарды тергеу орталығы

14.06.2022

947 0

Хакерлік форумдардың бірінде Қазпошта деректер базасының бэкап серверіне қолжетімділік сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мәліметтер базасы жалпы көлемі 110 ГБ болатын және 12 миллионға жуық жазбадан тұратын 44 кестені қамтиды. Сондай-ақ деректер базасының үлгісі ұсынылған», – деп хабарлады Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы.

Мәліметтер базасы мына ақпаратты қамтиды:

  • пошта жөнелтілімдері туралы деректер;
  • автокөлікті сақтандыру;
  • кредит алуға өтінімдер;
  • депозиттер;
  • ақша аударымдары;
  • есепшоттар мен карталарды ашу;
  • қызметкерлер туралы мәліметтер.

Яғни, бұл төлқұжат деректері, толық мекенжай, телефон нөмірлері, туған күні, пошта, автосақтандыру полисі, ішінара карта нөмірлері және тағы басқа негізгі жеке деректерді қамтиды.

Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы жарияланған мәліметтер базасының үлгісін тексеріп, ол расында да Қазпоштадан тараған ақпаратқа ұқсайтынын атап өтті.

«Қазпошта» акционерлік қоғамы интернет желісінде клиенттердің деректер базасын сатуға байланысты орталық хабарламасына қатысты жауап берді.

«Хакерлік форумда «Қазпочта» АҚ мәліметтер базасының бэкап серверіне қолжетімділік туралы хабарландыру жариялаған жеке тұлға ақпаратты бірнеше мың долларға сатып алуды ұсынып, бопсалау мақсатында компанияға бірнеше рет хабарласқан. «Қазпочта» серверлерінен ешқандай ақпарат жылыстаған жоқ»,  – деді «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі.

«Қазпошта» бопсалау туралы ақпаратты құқық қорғау органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолдаған. Жеке тұлғаны жауапкершілікке тарту үшін бұл мәселені «Қазпошта» АҚ құқық қорғау органдарымен бірлесіп пысықтап жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: