Сейсенбі, 30 сәуiр, 13:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Қолында сыра болған»: Ер адам мен жедел жәрдем қызметкері төбелесіп қалды

20.07.2023

308 0

Желіде белгісіз ер адамның жедел жәрдем қызметкерімен төбелесіп жатқан видеосы тарады. Түркістан облысы Полиция департаменті өкілдері бұл видеоға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода ер адам жедел жәрдем қызметкерімен төбелескеннен кейін көлігіне отырып кеткені көрінеді. Видео авторы полиция қызметкерінің тәртіп бұзушыға ешқандай шара қолданбағанын, көлікке отырғызып жібергенін айтты. 

«Міне, біздің полицейлер мәселені шешіп жатыр. Жай ғана амандасып қойды. Не істеп жатыр? Мас адамды жібере салды. Сыраны қолына ұстатып, көлікке отырғызып жібере салды. Бәрібір», – дейді видеодағы адам. 

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов бұл іске қатысты пікір білдірді. 

«Бұл жайтты бақылауға алдым. Бейнежазбадағы ер адам және хабарлама бойынша келген қызметкерлерге қатысты тексеру басталды. Нәтижесін қосымша хабарлайтын боламыз», – деді ол. 

Сонымен қатар, Түркістан облысы ПД оқиғаға қатысты пікір білдірді. 28 сәуір күні Төлеби аудандық полиция бөліміне Леңгір қаласында «Volkswagen Passat» автокөлігінің басқарушысы медициналық жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына шыққан полицейлер, ер адамның шақырту бойынша кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне көпірде жол бермегенін анықтады. Нәтижесінде екеуінің арасында жанжал туындап, салдарынан жедел жәрдем қызметкері дене жарақатын алған.

Полиция қызметкерлері заңға қайшы әрекеттерді тоқтатты. «Volkswagen Passat» жүргізушісі медициналық куәландыруға жеткізіліп, оның «жеңіл дәрежелі» мас күйі расталды.

Бұзақылық әрекеттері мен дене жарақатын салу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігімен «Бұзақылық» сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Тергеу барысында жедел жәрдем жүргізушісі ешқандай шағымы жоқ екендігі туралы қарсы арыз түсірген.

25 маусымда тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі және 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес тоқтатылған.

«Volkswagen Passat» жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (мас күйінде көлік басқару) мен ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (жалған нөмірлері бар автокөлікті басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Көлік айыптұраққа қойылған.

Биыл 20 шілдесінде «Volkswagen Passat» жүргізушісі ұсталып, ол ӘҚБтК-нің жоғарыда аталған баптары бойынша жауапкершілікке тарту үшін сотқа жеткізілді. Ал бейнежазбадағы шақырту бойынша келген полицейге қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша заңды шешім мен тиісті шаралар қабылданады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: