Сенбі, 27 сәуiр, 01:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қорғаныс министрі тағайындалды

19.01.2022

1008 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Главнокомандующий Национальной гвардией генерал-лейтенант Руслан Жаксылыков

«Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген жарлықта.

Мемлекет басшысының тағы бір жарлығымен Мұрат Бектанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

Жақсылықов бұған дейін Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болды. Ұлттық ұланға енді Еркін Ботақанов басшылық жасайды.

Руслан Жақсылықовтың өмірбаяны

Руслан Фатихұлы 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелең қаласында дүниеге келді. 

1983 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданының Киров атындағы орта мектебін бітіргеннен кейін И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесіне командалық тактикалық басшылық мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1987 жылы бітірді.

1996 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын командалық-штабтық жедел-тактикалық әскери барлау мамандығы бойынша тәмамдады.

2003 жылы Шымкент қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

1987-2006 жылдар аралығында взвод командирінен бастап құрама командиріне дейінгі әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2006-2007 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары.

2007-2008 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері бас штабының бастығы.

2008 жылдың 4 қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің қолбасшысы.

2013 жылдың 22 қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің бас қолбасшысы.

2014 жылдың 24 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланынының бас қолбасшысы.

2021 жылдың 29 қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы.

I, II дәрежелі «Даңқ» орденімен, Түркия Республикасы Қарулы күштерінің орденімен және КСРО, ТМД, Қазақстан Республикасының 40 медалімен наградталған. Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Әскери атағы – генерал-лейтенант. Ұлты – қазақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: