Сәрсенбі, 24 сәуiр, 18:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қорғаныс министрлігі кредиті бар шұғыл әскери міндетін өтеушілерді төлемнен босатуды ұсынды

03.05.2022

1258 0

Әскери мерзімді қызмет өтеу кезеңінде әскери қызметшілерге несиеден уақытша босату, сарбаздардың отбасына коммуналдық қызмет ақысын төлеуде жеңілдік жасау көзделуде. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әскер қызметі саласында бірқатар бастама қолға алынып жатыр. Соның ішінде шұғыл әскерге қызығушылықты арттыру да бар. Атап айтқанда, кредиті бар шұғыл әскери міндетін өтеушілерді төлемнен уақытша босату, сарбаздардың отбасына коммуналдық қызмет ақысын төлеуде жеңілдік жасау сынды шаруалар атқарылады. Сонымен қатар білім беру саласында да жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Одан бөлек, әскери міндетін өтеген соң оларды мемлекеттік органдарға жұмысқа орналастыру жоспары бар», – деді Сұлтан Камалетдинов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, шұғыл әскери міндетін өтушілердің білім алуына ерекше мән берілмек.

«Осы орайда біздің министрлік еңбек нарығында сұранысқа ие 16 мамандық бойынша оқытады. Оның қатарында трактор жүргізушісі, дәнекерлеуші, кран жүргізушісі, тағы сол сияқты мамандықтар бар. Осылайша жастар әскери міндетімен қатар, сұранысқа сай мамандықты меңгеріп шығады. Білімді міндетін өтеп жатқан әскери бөлім және әскери оқу орталықтарында алады», – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: