Сәрсенбі, 24 сәуiр, 18:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында қала тұрғындарынан есірткі заттары анықталды

01.02.2022

727 0

Қызылорда қалалық Полиция қызметкерлері «Құқық тәртібі» іс – шарасы барысында «Ваз – 2110» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру  кезінде жүргізуші есігінің қалтасынан газет қиындысына оралған белгісіз зат анықталған. Сараптама қорытындысымен бұл заттың «марихуана» есірткі заты екені белгілі болды.

Осы тектес дерекқала орталығында орын алды. Қала тұрғынының үстіне киген жасыл түсті күртешесінің оң жақ қалтасынан газет қиындысына оралған есірткі өніміне ұқсас белгісіз зат табылды. Сараптама қорытындысымен оның  «марихуана» есірткі заты екені анықталды.

Қазіргі уақытта барлық деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқадейінгі тергеп – тексеружүргізілуде.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: