Бейсенбі, 28 қараша, 01:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызмет пен отбасын үйлестіре білген

20.07.2023

506 0

Бүгінде ерлермен бірге қызмет етіп, қатаң тәртіпке бағынып, ішкі істер саласында  жауапкершілігі жоғары міндетін мінсіз атқарып, отбасындағы қызметін де қатар алып жүрген қыз-келіншектер құрметке  лайық.

Сондай жанның бірі –  Қылмыстық атқару жүйесінің  №68 мемлекеттік мекемесінде жұмыс жасайды. Мекеменің психолог маманы, аға инспектор Мырзалы Айзат Мұхамедиярқызы 16 жыл бойы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде адал қызмет атқарып келеді. Қызмет пен отбасын қатар алып жүрген маман оны қалай үйлестіретінін айтты.

– Қызылора облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №68 мемлекеттік мекемісінде психолог маманы болып жүргеніме 16 жыл болды. Мекемеде басты міндетіміз  түрлі қылмыс жасағандардың, әсіресе,  экстремизм- терроризм баптары бойынша сотталған азаматтардың  сана-сезіміне саңлау түсіру, тәрбиелеу, өмірге деген көзқарасын өзгерту өте ауыр жұмыс. Олар сот шешімін естіген соң, өте агрессивті, ашуланшақ болады. Сондықтан бұл жерде психологиялық қолдау маңызды. Біз олардың эмоциялары мен сезімдерін дұрыс түсініп одан әрі бейімделу процесіне дайындауымыз керек.  Көптеген тренингтер және сотталушылармен жеке сөйлесу арқылы психологиялық тұрғыда қолдау білдіреміз. Жеке өмірге келетін болсақ, жұбайымда Құқық қорғау саласының қызметкері. Екеумізде бір-біріміздің жұмысымызды білеміз және түсіністікпен қараймыз. Қызметтен бөлек отбасылық өмірімізге де уақытылы көңіл бөліп, балаларымыздың көңіліне қуаныш сыйлауға тырысамыз және отбасымыздың тыныштығына жұмыс жасаймыз. Ата-аналарымыз қызметімізге түсіністікпен қарап, әркез бізге қолдау білдіреді.  Отбасымыздың қолдауларының арқасында қайда жүрсекте шабыттанып қызметімізді  адал атқарып келеміз, – дейді  АКАӘПТЖБ-нің аға  психологы,әділет капитаны Айзат Мырзалы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: