Сәрсенбі, 24 сәуiр, 10:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда: Бейнебақылау камералары арқылы автокөлік ұрысы ізін суытпай ұсталды

03.03.2022

550 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы 26 ақпан күні орын алған  ұрлықтың ізі суымай ашылды.

Белгісіз біреулер қала аумағында орналасқан көпқабатты үйдің алдында тұрған «Toyota Carina» автокөлігінің есігінің ашық тұрғанын пайдаланып, аккумуляторын ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша (Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кірумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.  

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: