Сенбі, 27 сәуiр, 00:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысы Полиция департаментінде оқушыларға арналған «Ашық есік күні» өтті

15.05.2022

746 0

Қазақстан Республикасы Президентінің №780 Жарлығымен  «Жарияланған балалар жылы аясында» ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес республика көлемінде бала тәрбиесіне мүдделі мемлекеттік органдары, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың және БАҚ-ның өкілдерін тарта отырып, «Мен және менің полицейім» атты акциясы өткізілуде.

Акцияның мақсаты–кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларына үйрету болып табылады.

Қызылорда ОПД басшылығының бастамасымен және «ELBASY  MEDALI» бас редакторы Мөлдір Ауелбердиеваның ұйымдастыруымен осы акция шеңберінде «Ашық есік күні» жарияланып, оқушыларды патриоттылыққа тәрбиелеу үшін Департаменттің мұражайына, көше қиылыстарында, көпқабатты үйлердің аулаларына және білім беру ұйымдарына орнатылған видеокамералардың жұмысымен танысу үшін Жедел басқару орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Акцияға 20-дан астам оқушы қатысып, оларға  «Полиция-дос  және қорғаушы» тақырыбында әңгіме өткізілді. 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: