Сенбі, 20 сәуiр, 07:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды

18.12.2021

769 0

15 желтоқсанда кешкі сағат 18.00 шамасында Қызылорда облысының Қармақшы ауданы  Төретам кентінде  бір топ азаматтар жанжалдасып,  қару қолданған. Салдарынан аялдамада тұрған  үш жасөспірім  оқтың ұшқынынан жарақат алды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 3-бөлігімен (Адам өлтіруге оқталу) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. 


Жасөспірімдер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілген және олардың біреуі сол күні қайтарылса, қалған екеуі дәрігерлік бақылауға алынған. Қазіргі уақытта  жасөспірімдердің жағдайы тұрақты.


Орын алған қылмыс бойынша полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекеттерінің нәтижесінде «ізін суытпай»  8  күдікті анықталып ұсталды.


Бұдан бөлек, кешенді жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, осы қылмысты атыс қаруымен орындаған негізгі күдікті құрықталып, ол кінәсін мойындаған және одан қылмыс құралы тәркіленіп, айғақты зат алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының (ұстап алудың негіздері) талаптарына сәйкес, ұсталған 9 күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалып,  олар қамаққа  алынды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: