Бейсенбі, 02 мамыр, 22:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 3 миллион теңгенің ұялы телефондарын ұрлаған 34 жастағы азаматша ұсталды

21.10.2021

500 0

20 қазанда Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғынынан арыз түсті.

Белгілі болғандай, 19 қазан күні қала орталығындағы орналасқан дүкендердің бірінде 7 – дана ұялы телефондарын ұрлап кеткен. Арыз иесіне келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңгені құрайды.

Орын алған ұрлыққа қатысты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері тәулік ішінде ұрлықты ашып, күдіктіні ұстады. Ол 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Айғақты заттар тәркіленіп алынды.

Аталған іс бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 3 бөлігі (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталған азаматшаның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы барын анықтауда.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: