Бейсенбі, 25 сәуiр, 04:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 5 азамат кәмелетке толмаған баланы масаң күйге жеткізген

17.10.2021

639 0

26 қыркүйек күні Арал ауданының тұрғыны 39 жастағы азамат 2006 ж.т. жасөспірімге ақша беріп, дүкеннен бір шыны арақ алдырып, оған алкогольдік ішімдігін ішкізіп, масаң күйге дейін жеткізген. Азаматқа жасаған құқық бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 131-бабымен әкімшілік хаттама рәсімделіп, жинақталған құжаттар сотқа жолданған.

Сотта азамат өз кінәсін толықтай мойындап, істеген іс-әрекетіне қынжылып, өкініп, енді қайталамайтынын көрсеткен.

Жоғарыдағылардың негізінде Арал аудандық сотының 12 қазан 2021 жылы шыққан қаулысымен құқық бұзушы азамат ҚР ӘҚБтК 131 бабымен кінәлі деп танылып, оған 5 (бес) тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің 29.12.2015 жылғы №1098 «Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидалары» бұйрығының талаптарына сай, кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе басқа да қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдар санатымен ішкі істер органдарының есебіне алынды.

Ал, кәмелетке толмағанға алкоголь өнімін сатқан азық-түлік дүкенінің сатушысының әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы 1-бөлімімен (Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу) дәрежеленіп, сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 20419 (жиырма мың төрт жүз он тоғыз) теңге айыппұл салынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: