Жұма, 11 қазан, 07:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 500 келі киік мүйізі тәркіленді

17.12.2021

852 0

Қызылорда облысында ҰҚК өңірлік департаменті қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, киік мүйізін заңсыз иемдену және өткізу дерегіне қатысы бар қылмыстық топтың заңсыз әрекетін анықтауға арналған арнайы операция өткізді.

8 желтоқсанда дериваттардың ірі партиясына қатысты әрекет кезінде қылмыстық схема ұйымдастырған жергілікті екі тұрғын ұсталды. Жалпы салмағы 500 келі 2347 киік мүйізі тәркіленді. Браконьерлер 1174 киік өлтірген. Нәтижесінде мемлекетке 5 миллиард теңге залал келтірген. Осы қылмыс салдарынан Қазақстандағы киік тұқымына айтарлықтай зиян келді. Ұсталған адамдарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – деп хабарлады ведомство өкілдері.


Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ҚР ҚК 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша заңсыз әрекетке өзге де қатысушыларды анықтау, айыпталушыларда киік мүйіздерінің қосымша партиялары бар ма деген сұрақ бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

BAQ.KZ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: