Сенбі, 27 сәуiр, 02:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 7 жәбірленушіге шығын келтірген алаяқ ұсталды

12.01.2021

727 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1994 жылы туылған қала тұрғыны арызданды.

Арызданушы желтоқсан айында жүргізуші куәлігін алу үшін, бейтаныс ер азаматқа 139 300 теңге көлемінде қаржы берген.

Қызылорда облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы және қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде бұрын сотты болған, 38 жасар қала тұрғыны анықталып, ұсталды.  Алаяқ өз ісін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабының 3 бөлігі 4 тармағымен (алаяқтық, бірнеше рет жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті бұдан өзге, тағы да алты қылмыстық іске қатысы бар екені анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 1 500 000 теңгені құрайды.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: