Бейсенбі, 28 наурыз, 21:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада әскерилер Наурыз мерекесін атап өтті

23.03.2022

584 0

Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінің жеке құрамы Наурыз мерекесін атап өтті.

Тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз қай кезде де іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Ызғарлы қыстың кетіп, көктемнің келгенін білдіретін Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға Қарулы күштер ардагерлері, бөлімдегі әскери қызметшілердің отбасы мүшелері және қонақтар қатысты.

Басты мақсат – әскери қызметшілердің отбасы мүшелері арасында ұлттық салт-дәстүрлерімізді ұлықтау. Жауынгерлердің бойында мәдени-тынығу және спорттық шаралар арқылы жауынгерлік рухты көтеріп, Ұлыстың ұлы күнін дәріптеу.

Іс-шара басында Қызылорда гарнизонының бастығы подполковник Ербол Әбдірайым әскери бөлімнің жеке құрамын және қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтап, қызмет үздіктерін марапаттады.

«Ұлыстың ұлы күні Қарулы күштерімізде жыл сайын кең көлемде аталып келеді. Осындай іс-шаралар әскери қызметшілердің арасында ынтымақтастық пен бауырмашылықты арттырып, ұжымды біріктіре түседі. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын», – деді ҚР ҚК Құрметті ардагері, запастағы подполковник Мыңділда Ршауов.

Мерекелік іс-шара жоспарына сай бөлім аумағында алтыбақан құрылып, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Қазақша күрес, арқан тартыс, гір тасын көтеру және кол күресінен сайыстар өтіп, жеңімпаздар анықталды. Әуенді күймен шашу шашылып, тұсау кесу дәстүрі сахналанды. Бөлім әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі айналаны тазарту жұмыстары, көшеттер отырғызу және отбасылық ойын-сауық жарыстарын ұйымдастырды. Меймандарға мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдар мен Наурыз көже тарту етілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: