Бейсенбі, 18 сәуiр, 10:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада антитеррористік оқу-жаттығу өтеді

05.04.2022

670 0

Ертең сағат 09:00 ден 12:00 (жергілікті уақыт) аралығында Қызылорда қаласы «Қызылорда су жүйесі» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК, «Бастоган» су қоймасы аумағында терроризм актілерін алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығулары өткізіледі. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб іс-шараның жоспарлы сипатқа ие екенін және күрделіліктің түрлі элементтерін қолдана отырып барынша жақындатылған оқу-жаттығу болып табылатынын хабарлайды. 

Іс-шараның мақсаты — терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облысы жедел штабы күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру. 

Облысымыздың қонақтары және тұрғындарынан автокөліктердің қозғалысындағы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, сабырлық сақтауды және тек ресми ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұраймыз. Біле тура жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274 бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз.

    Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: