Жұма, 19 сәуiр, 20:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

06.10.2021

452 0

Қызылордада «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының 1 күнінде жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырушылар тарапынан жол жүрісі қағидаларын бұзудың 73 дерегі анықталды.

Атап айтқанда, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзудың 6, көлік құралын тиісті рұқсатсыз жабдықтаудың 5, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеудің 1 дерегі анықталды.

Көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланудың 10 дерегі анықталып, жылдамдықты шектен асырған 3 жүргізуші, маневр жасау қағидасын бұзған 16 жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 1 дерегі анықталды.

Жедел – профилактикалық шара қазан айының 13-не дейін жалғасады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: