Наурыз айының 4 күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны хабарласып, белгісіз адамдардың оның автокөлігіне зақым келтіргені туралы шағымданған. Тексеру барысында жәбірленушінің үйінің алдында тұрған автокөлігінің терезесімен айнасыныңсынғаны белгілі болды.
Өткізілген жедел-іздестіру шараларының барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 және 21 жастағы екі ер азамат анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігіне (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасалған бұзақылық) сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!