Жұма, 19 сәуiр, 13:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талданды

30.03.2022

734 0

Бүгін Достық үйінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы саласындағы туындайтын сыбайлас жемқорлық мәселелерін талқылауға бағытталған дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы және Превенция басқармасының басшысы Нұржан Оспанов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Салават Құлмахан, Қызылорда облысының ауыл шаруашылық басқармасы басшысы Талғат Дүйсебаев мен бөлім басшылары, қоғам өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасына қарайтын мекемелер мен ұйымдардың бюджет қаржысын игеруі, ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау барысындағы орын алған кемшіліктер бойынша пікір алмасу болды.

Сонымен бірге Сырдария өзені деңгейінің төмен түсуі салдары, мал азығының қымбаттауы мен жер мәселесі бойынша туындайтын бірқатар қиындықтарға қарсы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Жиын сонында, өңірдегі ауыл шаруашылығы саласында жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, мемлекеттік сатып алу бағытында кемшіліктердің азаюына, бірлесе жұмыс жасауға бастамашылық білдірілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: