Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 14:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада балық аулауға тыйым салынады

22.04.2022

530 0

Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымға дейін балық аулауға тыйым салынады.

Кішi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта (Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін) балық аулауға тыйым салынады.

Сонымен қатар, артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуірден 31 шілдені қоса алғандағы аралықта артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салынады.

Тыныштық аймағын құру мақсатында Сырдария өзенi Кiшi Арал теңiзiне құятын жерінен Көкарал бөлiп тұру бөгетiне дейiнгi оңтүстiк бағытта, Көкарал түбегіне дейiнгi батыс бағытта, солтүстiк және солтүстiк-шығыс бағыттарда 5 шақырым, Сырдария өзенінің ағысымен жоғары бағытта 5 шақырым учаскеде жыл бойы балық аулауға тыйым салынады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: