Сенбі, 07 желтоқсан, 22:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Демалыс» жедел профилактикалық іс-шара барысында полицияға 236 кәмелетке толмаған жеткізілді

31.03.2022

788 0

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстарды алдын алу, болдырмау бағытында және кәмелетке толмағандардың жүріс тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау мақсатында 2022 жылдың 26-30 наурыз аралығында облыс көлемінде «Демалыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара қорытындысымен полиция органдарына барлығы 236 кәмелетке толмаған жеткізілсе, оның ішінде 216 кәмелетке толмағанға әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін, ал қалған 15 қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін әкелінді.

Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы бойынша, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 17 ата-анаға хаттама толтырылса, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша барлығы 201 кәмелетке толмағандар анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама рәсімделіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 11 кәсіпкер, жасөспірімдерге темекі және алкоголь өнімін сатқаны үшін 8 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қызылорда қалалық полиция басқармасы мен барлық аудан полиция бөлімдерінің ювеналды полиция бөліністерінің қызметкерлерімен ішкі істер органдарына есепке алынған кәмелетке толмағандар және міндеттерін тиісті деңгейде орындамайтын ата-аналармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіл, олардың тұрғылықты мекен жайлары тексеру актілері жасалды.  

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар өз жалғасын табатын болады. 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: