Бейсенбі, 25 сәуiр, 03:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ер адам пәтерде синтетика есірткі жасап сатқан

29.08.2021

521 0

Қызылордалық полицейлер синтетикалық есірткі жеткізу жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы 22 жастағы семейлікті синтетикалық есірткі затын сақтағаны үшін ұстады.

Ол Қызылорда қаласынан пәтер жалдаған. Полицейлер пәтерге тінту жүргізу барысында​ оның есірткі дайындап, сату үшін шағын зертханаға айналдырғанын анықтады. Пәтер шінен екі дана газет қиындысына салынған сұр түсті ұнтақ, электронды таразы, рулон фольга, түрлі-түсті изолента, скотч және арнайы пакеттер заттай дәлелдеме ретінде алынды.

«Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген ұнтақтың жалпы салмағы 235,83 грамм «а-пирролидиновалерофенен» немесе «a-PVP» психотроптық заттарға жататыны нақтыланды. Күдікті аталған есірткі заттарын жалдамалы пәтерде өзі өлшеп, дайындап, интернет желісі арқылы тапсырыс бойынша сататыны анықталды. Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, қызылордалық полицейлер бір ай көлемінде аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі сатудың екінші дерегін ​ анықтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: