Жұма, 19 сәуiр, 14:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада есірткі саудалаушылар ұсталды

23.05.2022

425 0

Қызылорда облысында 16 мамыр күні сағат 11:30 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Шымкент-Самара» тасжолы, яғни Арал ауданы Шижа ауылы тұсында қызмет атқару барысында 30 жастағы аудан тұрғынының басқаруындағы «Nexia» автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушіден газет қиындысына оралған шөп ұнтақтары тәркіленіп, сараптамаға жолданды.

Сараптама қортындысына сәйкес тәркіленген зат «кептірілген марихуана» екені белгілі болды. Күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi,психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: