Бейсенбі, 28 наурыз, 19:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада пробация есебіндегілерге электронды білезіктер қолданылады

04.04.2022

874 0

 Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық, қалалық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандарға электронды білезіктер алынды.

ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық жасау тобының аға инспекторы С.Тлеуованың айтуынша электронды білезіктер келесі санаттағы сотталғандарға тағылады жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзатын және бірнеше ескертулері бар, сынақ мерзімі ұзартылғандар мен кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталғандар.

«Бұл электронды білезік сотталғандарды бақылау жасауға, тұрғылықты мекенжайын тастап кетпеуге, қайта қылмыстық алдын алуға септігі мол. Білезік тағылған сотталғандарды пробация инспекторлары арнайы планшеттер арқылы бақылайды, егер сотталған жаза өтеу тәртібін бұзса немесе білезікті өздігінен шешуге тырысса дабыл сигналы тәрізді белгі түседі», – дейді әділет майоры Сәбигүл Тлеуова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: