Бейсенбі, 25 сәуiр, 14:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада рейд барысында пиротехникалық заттарды заңсыз сатудың 17 құқық бұзушылықтар анықталды

23.12.2021

906 0

Қызылорда облысы көлемінде өтіп жатқан «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шара барысында базарлар мен сауда орындарында Қызылорда облысы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде облыс бойынша пиротехникалық заттарды заңсыз сатудың 17 дерегі анықталды.

Атап айтқанда тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасаудың (ҚР ӘҚБтК 196-бап) 8 дерегі анықталып, 391 дана пиротехникалық зат тәркіленді, ал елді-мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолданудың (436-бабының 3-бөлігі) 6 дерегі, пиротехникалық заттарды пайдалану, сату және сақтау ережелерін бұзудың (483-бабының 1-бөлігі) 3 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік шара көрілді.

«Өңір тұрғындары мен қонақтарын пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы дүкендерден сатып алу керектігін ескертеміз, бұйымның қаптамасының бүлінбегеніне назар аударыңыздар. Сондай-ақ өнімнің жарамдылық мерзіміне де көңіл бөлген жөн. Пиротехникалық бұйымдарды тиісті рұқсат құжаттарынсыз сатқандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз»,- деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бекторе Сұлтан.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: