Сәрсенбі, 24 сәуiр, 20:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада судьялар кәсіпкерлермен кездесті

22.06.2022

453 0

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында облыстың әкімшілік істер жөніндегі соты мен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары, сондай-ақ кәсіпкерлерге бақылау-қадағалау жүргізу функциясы жүктелген мемлекеттік орган мамандарының қатысуымен кездесу өтті.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов Мемлекет басшысы 19 мамырда отандық бизнес өкілдерімен кездескен кезде құқық қорғау органдары тарапынан негізсіз қудалауды азайту жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігі және кәсіпкерлерге қысым көрсету факторларын анықтаудың барынша тиімді жүйесін құруды жүктегенін атап өтті.

«Біз облыстық прокуратурамен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен, сондай-ақ, сот органадырмен әріптестік негізде, тиімді жұмыс істеп жатырмыз. Осы жылдың 5 айында Палатаға кәсіпкерлерден 350-ден аса арыз-шағым түсті. Оның 40 пайыздан астамы мемлекеттік органдардың әрекетіне қатысты. Әсіресе, салық органдарына, сәулет-құрылыс, жер қатынастары салаларына, сондай-ақ, санитарлық-эпдемиологиялық қызметке қатысты өтініштер басым. Бұл кездесуді кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдері ашық пікірлесіп, жұмысқа қатысты ұсыныстарын берсін, талқыласын деп ұйымдастырып отырмыз», – деді Палата директоры.

Облыстың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Клара Қаниева мен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Гүлжан Мырзатаева жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасында жиі кездесетін даулы мәселелерге тоқталды.

«Бізге түсетін істердің басым бөлігі мемлекеттік сатып алу мен салық органдарының қызметіне қатысты болып отыр. Осындай отырыстар жиі өткізіліп, кәсіпкерлердің заңдарға енгізіліп жатқан өзгерістермен таныс болғаны дұрыс. Кәсіпкерлерді қашан, қандай жағдайда тексеретіні заңда нақты жазылған. Дегенмен кейде даулы мәселелерде бизнес өкілдері бізге мерзімі өтіп кеткеннен кейін келіп, мәселені шешу қиындық тудыратын кездер болады», – деді облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Гүлжан Мырзатаева.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер салық, санитарлық-эпдемиологиялық салаларғақатысты кездескен нақты проблемаларымен бөлісті, мамандардан кеңес алды.

Пірмұхаммед Сыздықов кей мәселелердің әкімшілік кедергілерге алып келетінін ескеріп, мемлекеттік орган өкілдерін кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетуге шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: