Бейсенбі, 28 наурыз, 17:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада түзеу мекемесіндегі 23 сотталған азамат құжаттандырылды

17.10.2021

700 0

ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтарды құжаттандыру жұмысымен арнайы есепке алу қызметкерлері айналысады. Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінің Арнайы есепке алу бөлімі мен қалалық көші-қон полиция басқармасының қызметкерлері мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтарды құжаттандыру мәселелері бойынша тығыз жұмыс жасауда.

Жыл басынан 23 сотталғанның жеке куәлігі қайта жасалды. Олардың бірінің жеке куәлігінің мерзімі өтіп кетсе, бірінің тіпті жеке куәлігі де жоқ.

«Жеке куәліктің болмауы сотталғандардың бірқатар құқықтарын қиындатады. Қазіргі таңда тағы 2 сотталғанның жеке куәлігі орындалу сатысында. Мекемеден босатылғаннан кейін алынған жеке басының куәландыру құжатымен тұрғылықты мекенжайына барып тіркеліп, жұмысқа орналасады немесе денсаулық жағдайын байланысты жергілікті емханаларға тіркеуге алынады. Мекемеде жазасын өтеушілер арасында шет ел азаматтары да бар. Оларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға тіркеу мақсатында 2 шет ел азаматына уақытша жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) алып берілді»,- деді арнайы есепке алу бөлімінің инспекторы Мерей Табылғанова.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: