Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азамат ұсталды.
Оның тұрғылықты мекен жайын тінту барысында 3 дана «M26 PLUS» үлгісіндегі смарт сағаты, 2 – дана «AіR Pods», 1 – дана «Samsung» құлаққабы айғақ зат ретінде алынды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!