Сенбі, 27 сәуiр, 21:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер ұрлық қылмысын ашып, күдікті 42 жастағы азаматшаны ұстады

28.10.2021

502 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жеке тұрғын үйдің заттарын ұрлады деген күдікпен 42 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Ағымдағы жылдың 25 қазан күні қала тұрғыны полицейлерге жүгініп, күндізгі уақыт сағат 14:30 шамасында қылмыскер үйдің есігін ашып кіріп, 480 мың теңге қаражатын, үйдің құжаттарын, тұрмыстық техникаларын ұрлап кеткендігін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 600 мың теңгені құрайды.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер шұғыл әрекетке кірісті. Куәгерлерден жауап алып, қажетті шараларды іске асырды. Нәтижесінде полицейлер қылмыстың ізін суытпай, тәулік ішінде 42 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қылмыс жасаған әйел жәбірленушінің танысы болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 1 – бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оқиғаның мән – жайлары анықталуда.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: