Жұма, 19 сәуiр, 01:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер ұрыны ізін суытпай құрықтады

31.05.2022

853 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданған болатын. Оның айтуынша 25 мамыр күні 23:00 шамасында белгісіз адам қала аумағында орналасқан қонақ үйлердің бірінде ұялы телефонын ұрлап, ақпараттық жүйеге заңсыз кіру арқылы телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен «Каспи банк» бағдарламасы арқылы 3 миллион 250 мың теңге ақшасын өз есепшотына аударып алған.Жәбірленушіге келтірілген шығын 3 миллион 440 мың теңгені құрады.


Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жеделдігі мен кәсіби тәжірибесінің арқасында кезекші тәулікте 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол өз ісін толықтай мойындады. Оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез құлық туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен(Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: