Сенбі, 07 желтоқсан, 19:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық сақшылар еңбекші мигранттарды тексеріп жатыр

10.03.2022

488 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта еңбек миграциясы жаһандық маңызға ие екенін және ол елдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты екенін бірнеше рет баса айтты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, наурыз айының 10 – 20 күндері аралығында «Мигрант» іс-шарасы басталды.

Осыған орай Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-криминалистика бөлімінің тәртіп сақшылары арнайы іс-шарасы аясында өз жұмыстарын бастап кетті. Заңды келген еңбекші мигранттың дактилоскопиялық есебін жүргізуге барлық жағдай жасалынған және олар бұл есептен өтуге міндетті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аталған есептер елімізге келген еңбекші мигранттардың қауіпсіздігін сақтау және қаламыздағы криминогендік ахуалын бақылау мақсатында жүргізіледі. Дегенмен міндетпен бірге қызмет көрсету сапасы жоғары болуға тиіс»-, деп атап өтті басқарма бастығы, полиция полковнигі Әбдібек Сламбекұлы. ​

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» және Қызылорда қалалық полиция басқармасының көші-қон полиция бөлімі және жедел-криминалистика бөлімдерімен бірлескен шаралар аясында «Папилон» боямасыз сканері алынған болатын. Бұл жоба өз нәтижесін беріп, еңбекші мигранттардың қол таңбалары боямасыз сканерленіп, базаға фотосымен бірге жолданып, түрлі есептерден тексеріліп, санаулы минуттарда анықтама беріледі. Бұл жоба еңбекші мигранттарды халыққа қызмет көрсету орталығындағы жұмыс сапасының жоғары дәрежеде ұйымдастырушылығын көрсетеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, еңбекші мигранттардың Қазақстанда жұмыс істеуіне еш шектеу жоқмәселесі басты назарға алынған. Алдағы уақытта да бұл мәселе Полиция басқармасының қатаңбақылауда. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-криминалистика бөлімі халыққа қызмет көрсету үшін жұмыс сапасының жоғары деңгейде жүргізуге нәтижелі жұмыстар жасайтындығын тағы бір мәрте атап өтті.

Қызылордалық сақшылар еңбекші мигранттарды тексеріп жатыр

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: