Жұма, 29 наурыз, 11:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық жастар нашақорлыққа қарсы!

27.06.2022

429 0

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Қызылорда қалалық мәдениет және демалыс саябағында есірткіге қарсы кешенді акция өтті. Шара барысында есірткіге қарсы насихатта ерекше көзге түскен азаматтар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Сондай-ақ театр және би қойылымдары, кинологиялық орталықтың қызметтік иттерінің жұмысы көрсетілді.


Концерттік бағдарламамен арнайы шақырылған қонақ, қазақстандық эстрада жұлдызы Мәди Қадыров өнерін көрсетті. Сонымен қатар полиграфиялық есірткіге қарсы өнімдерді және балаларға арналған ойыншықтарды тарату ұйымдастырылды.
Айлықты өткізу кезінде облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлері ақпараттық-насихаттау жұмыстарын да ұйымдастырды. Облыс аумағында халық көп жиналатын жерлерде нашақорлық, қылмыстық жауапкершілік проблемалары туралы арнайы дайындалған плакаттар мен үгіт парақтары, сондай-ақ «сенім» телефоны туралы ақпарат ілінді, балалар мен жасөспірімдер арасында алдын алу іс-шаралары жүргізіліп, кездесулер, спорттық іс-шаралар мен акциялар өткізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: