Жұма, 29 мамыр, 19:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

SIM-карта арқылы жасалған қылмыс үшін нөмір иесі де жауап беруі мүмкін

29.05.2026

42 0

Фото: ТАСС

Қазір интернет-алаяқтар түрлі айла-тәсілдерді қолдану арқылы азаматтарды алдаудың жаңа жолдарын тауып отыр, деп хабарлайды Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі, – деп хабарлайды KAZINFORM

Ведомство атап өткендей, солардың бірі — жастарды оңай табыс уәдемен өз атына SIM-карта рәсімдетіп алып, кейін оны үшінші тұлғаларға сату немесе беру.

— Мұндай әрекет сырт көзге зиянсыз көрінгенімен, оның салдары өте ауыр болуы мүмкін. Себебі сіздің атыңызға тіркелген SIM-карта қылмыстық мақсатта пайдаланылса, барлық құқықтық жауапкершілік ең алдымен сол нөмір иесіне — яғни сізге жүктелуі ықтимал, — дейді тәртіп сақшылары.

Алаяқтар SIM-картаны қалай пайдаланады?

  • Азаматтардың жеке деректерін ұрлау;
  • Банктік қосымшалар мен онлайн сервистерді бұзу;
  • Қоңыраулар мен хабарламалар арқылы алдау схемаларын жүзеге асыру;
  • Әртүрлі заңсыз әрекеттерді анонимді түрде жасау.

Сондықтан «жеңіл ақша табамын» деген ойдың артында үлкен қауіп жасырынғанын ұмытпаңыз.

— Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін: Өз атыңызға рәсімделген SIM-картаны ешкімге бермеңіз; Белгісіз немесе күмәнді адамдардың ұсыныстарына келіспеңіз; «Сатып аламыз», «рәсімдеп бер» деген ұсыныстардан бас тартыңыз; Жеке деректеріңізді, SMS-кодтарды және тіркеу мәліметтерін құпия сақтаңыз; Егер күмәнді жағдайға тап болсаңыз, бірден құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.  Есте сақтаңыз: заң алдында жауапкершілік нақты әрекет жасаған адамға ғана емес, сол әрекетке мүмкіндік берген нөмір иесіне де тиесілі болуы мүмкін. Өз атыңыз — өз жауапкершілігіңіз. Өз нөміріңіз — өз қауіпсіздігіңіз! — деп ескертті ПД.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: