Жексенбі, 06 қазан, 01:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Соттағы жаңашылдықтар

18.09.2024

301 0

Соңғы жылдары сот жүйесінде көптеген өзгерістер мен жаңашылдықтар орын алды. Әсіресе сот жүйесінде заманауи технологияларды, озық функцияларды пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, төрешілдік кедергілерді қысқартты, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтып процес барысында туындайтын адам факторы күмәнін жойды. Бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізді, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдеп, халық үшін, сот жүйесінің максималды ашықтығы мен қол жетімділігіне жетуге мүмкіндік береді.
Сот саласында атқарылып жатқан жаңашылдықтардың барлығы ең алдымен сот жүйесін оңтайлантыруды, халық сеніміне лайық болуды көздейді. Мәселен осыдан бірнеше жыл бұрын сотта кез келген істі судьяларға төраға емес IT жүйе кездейсоқ тәсілмен бөлетін өзгеріс енгізілді. Яғни судьялар істі өздері таңдап алмайды немесе сот төрағасы бөліп бермейді, ақпараттық технология арқылы қай іс қолына түседі сол істі қарауға міндетті. Сонымен қатар жаңашылдықтардың бірі- «Танысу» модулі болып табылады. Сот әкімшілігі «Сот кабинеті» сервисссін дамыту шеңберінде азаматтық және әкімшілік істер бойынша «Танысу» модулін енгізді, ол тараптарға (қатысушыларға) талап арызбен және оған қоса берілген құжаттармен, соттың сұрау салуларымен және оладың жауаптарымен, сондай ақ істі қарау барысында ұсынылған басқа да құжаттармен танысуға мүмкіндік береді. Онлайн қолжетімділік тек сот процестеріне қатысушыларға (ЖСН бойынша) беріледі және сот істерін қарау уақытымен шектелген. Сонымен қатар, Сот әкімшілігі қатысушы прокурорлар үшін сот істерінің материалдарына қашықтан қол жеткізуді жүзеге асырды.
Қазіргі таңда мамандар расымен халық арасындағы сот шешімдеріне деген наразылық азайып келе жатқанын айтады.


Т.Тілеп

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: