Бейсенбі, 25 сәуiр, 03:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар аттестат алды

17.06.2022

838 0

Қызылорда облыстық Қылмыстық -атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтей жүріп, орта білім алған сотталғандарға аттестат табыстау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Шиелі аудандық білім басқармасына қарасты кешкі мектеп мұғалімдері, мекеме қызметкерлері қатысты.

Кешкі мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ә.Байтілеуова мектеп бітіруші түлектерге алған аттестаттарын игі кәдеге жаратуларына тілектерін білдіріп, оларға табыстар тіледі және сотталғандарға білім беруге жан-жақты көмек көрсеткені үшін мекеме басшылығына алғысын білдірді

«Бүгін мен үшін қуанышты күн. 11-сыныпты бітіріп, қолыма аттестат алып отырмын. Жастықтың желегімен жаза басып, жаңылып, тағдыр тауқыметімен мектепті де аяқтай алмай қалғанмын. Жалпы біз  түзеу мекемесінде қамауда отырсақта, уақытты текке өткізбей, бостандықта ала алмаған білімімізді осында алып жатырмыз, бостандыққа шыққан соң жоғары білім алсам деген ниетім бар. Орта білім алуыма ықпал еткен мекеме әкімшілігі мен кешкі мектеп ұстаздарына алғыс білдіремін, – дейді жазасын өтеуші.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: