Жұма, 26 сәуiр, 01:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандармен тренинг өтті

24.12.2021

1048 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Тәрбиелеу процесінің бір бағыты мекеменің психологымен сотталғандар арасында әртүрлі тренингтер өткізу болып табылады. Мекеме психологі Кеңес Салтанат сотталғандарға өмірлік құндылықтар туралы әрбір адамның өмірінің мәнді болуы өзіне байланысты екендігін, өмірдің қандай жағдайында жауапкершілік таныта білу, сөзіне іс-әрекетіне, отбасының құндылығын кеңінен түсіндіру мақсатында «Өмірлік құндылықтар» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Іс-шараға «Pro bono» қоғамдық қорының психолог мамандары Т.Камалов, Н.Рахметовалар қатысып, әдістемелік және практикалық тәжірибедегі жаттығуларын ұйымдастырып, сотталған азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

«Мекемедегі сотталған азаматтар өз ойларын, ішкі жан дүниесін психологтармен, яғни, бізбен сөйлесу арқылы білдіріп отырады. Бұл азаматтармен тренинг өткізу, олардың өзіне деген сенімділігін, өмірге деген құштарлығын оятады. Жаза басып жаңылғандарға сенім беріп, өмірге оң көзқарасын қалыптастыру біздің міндетіміз», – деді психолог Кеңес Салтанат.

Психолог мамандармен сөйлесіп, тренинг жаттығуларына қатысу темір торда қамалып, жазасын өтеп жатқандар үшін көп пайдасы бар. «Мамандармен сөйлесіп, тілдесіп, өз ойымызды ашық айтып, болашаққа деген көзқарасымыз өзгереді. Өмірге деген құлшынысымыз артып, отбасымызға тезірек оралсақ деген үміт бізді алға жетелейді. Өзім жиі психологтың қабылдауына жазылам, толғандырып жүрген сан сұрағыма осы мамандар толыққанды жауап беріп, мені өмірге деген құштарлығымды оятады »,- сотталған азамат.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: