Сенбі, 07 желтоқсан, 19:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Соттылығы бар азаматша қала тұрғындарына 10 миллион шығын келтірген

07.04.2022

809 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 55 жастағы қала тұрғыны жүгініп, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Анықталғандай, 2021 жылдың 30 желтоқсан күні танысы несие алуға көмек беремін деп, 2 млн 300 мың теңге несиені өзіне алдыртып, алдап алған.

Сол күні полицияға облыс тұрғынынан алаяқтық дерегі туралы тағы бір осындай мазмұнда арыз келіп, түсті. Белгісіз азаматша 2019 жылдың  наурыз айы мен желтоқсан  айларындақала тұрғындарын құр уәдемен  «үй алуға көмек беремін» деп, алдау-арбау жолымен 8 миллион 350 мың теңге ақшасын жымқырған.

Қылмысты ашу барысында тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел – тергеу тобы құрылды.Жедел –іздестіру шараларыныңнәтижесіндеполиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында бұрын сотталған 50 жастағы қала тұрғыныанықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстықкодексінің 190-бабының 1-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: