Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлық пен күресу басты мақсат

23.11.2023

497 0

Сыбайлас жемқорлық пен күресу басты мақсат

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде  сыбайлас жемқорлық пен күресу мақсатында экскурция өтті. Бұл жиынға «Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» және «66597 әскери бөлім» мен «Қызылорда гарнизонының  әскери полициясы» қызметкері бірлесіп тергеу мекемесіне келді.

Басты мақсат  – мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың ауыртпалғын сезіну,сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылылық салдарымен таныстыру үшін оларды қамаудағылар әлеміне енгізу. Бұл экскурсияның мемлекеттік қызметкерлер үшін  тәрбиелік мағынасы зор. Себебі мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Төребеков Аылбек экскурцияға келушілерді тергеу изоляторының арнайы контигенттер ұсталатын аймағындағы шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар жататын жатахананы, камераларды, аралатып,қылмыскерлердің ұсталыну жағдайымен таныстырып шықты. Алдымен кезекші бөлімге бастап апарып, тергеу изоляторының негізгі қызметтік мндеті, мекеме ішінде жүріп тұру жағдайы жайлы айтып түсіндірді.

  • Біздің тергеу мекемесінің негізгі міндеті күдіктілер мен айыптаушылар және тергеудегілер мен бес жылға дейінгі соталғандарды ұстау және олардың режим тәтібін қадағалау мен  сотталған азаматтардың жаза мерзімін өтеу барысында өмірге қайта тәрбиелеу болып табылады. Яғни, мұнда, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейінгі айыптаушылар мен күдіктілер және шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар отырады.Толтыру лиміті-430, бүгінгі таңда қамауда 250 – ге жуық  контигент бар.  Сонық ішінде Сыбайлас жемқорлықтық қылмысының 366,367 – баптары бойынша қамауда ұсталынып отырғандар да, бар. Олар  өздеріңіз секілді  мемлекеттік қызметте болған азаматтар. Бұл азаматтар жазалау орындарына  алғаш түсіп отырғандықтан өзге қылмыскерлерден оқшауланып, бөлек  камераларда  ұсталынады. Бірақ, тәртіп пен талап бәріне бірдей қатаң  екенін жеткізді РжКБ-нің бастығы әділет майоры А.Төребеков.

Осылайша, мемлекеттік қызметкерлер қамаудағы азаматтардың ұсталынуына мемлекет пен мекеме заңға сәйкес  жағдай жасап отырғанымен,  қоршаулы қорған ішіндегі аураның еңсеңді басатындығын сезіп қайтты. Олар қылмыс жасап мұнда түскенше, бостандықтың қадірін бағалап, өздерінде барды қанағат тұтып, шүкіршілік ету керектігін жете түсініп қайтты .

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: