Сәрсенбі, 03 маусым, 13:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 (2253)
02.06.2026
PDF мұрағаты

Тарих толқынындағы тұлғалар ізі

01.06.2026

19 0

Зұлмат заманның зілмауыр соққысы қазақ халқына оңай тиген жоқ. Ашаршылықтың ащы ақиқаты тарихта таңбаланып тұр. Ал, ұлт үшін ұйысып, басын бәйгеге тіккен Алаш зиялыларының тағдыры азапты трагедияға айналды. Сондықтан, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін елемей өтуге болмайды. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып, Алаш зиялыларына арналған көрме бұрышын тамашалады.

Алаштың ардақты азаматтары қиын-қыстау кезеңнің қысымына мойымай, ел үшін істеген ісі мен күресі ұрпақтың санасында әділ бағасын аларына сенген. Мұны Әлихан Бөкейханның Міржақып Дулатұлы мен Ахмет Байтұрсынұлына жолдаған хатынан да байқауға болады. Ұлт көсемінің үндеуін Мекеменің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет кіші сержанты Бауыржан Дошмахан оқыды.

– Алаш зиялыларының өмірі мен еңбегі бізге мектеп қабырғасынан таныс. Асқақ мұратынан айнымаған қайраткерлердің аманатына адал болу – саналы ұрпақтың міндеті. Өткен тарихты білу елге деген жауапкершілікті сезіну үшін де қажет деп ойлаймын. Осындай тағылымды сәттер ой салып, рухани тұрғыдан толыса түсуге ықпал етеді, – дейді мекеменің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет кіші сержанты Б.Сәруар.

З.Қонысжан,

№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: