Жұма, 19 маусым, 16:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Тазалыққа үн қосқан ұжым

19.06.2026

29 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Тіршіліктің бесігіне баланған табиғатты аялау – адамзатқа ортақ міндет. “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының да негізгі өзегі осында жатыр. Бастамаға бейжай қарамайтын ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері мекеме аумағына сенбілік жасады.

Ұжымның ұйымшылдығы артқан сайын, тірліктің де тындырымды болары айдан анық. Сенбілікке жиылғандар айналаның ажарын ашып, күтіп-баптау жұмысына жұмыла кіріскені сол. Яғни, қызметкерлер аумақты қоқыстан тазартып, ағаштар мен жасыл желектердің маңын ретке келтірді. Сонымен қатар, шаң-тозаңды басу мақсатында су себу жұмыстары жүргізілді.

– Бала күннен үйдің ауласын таза ұстауға, айналаны жинақы етуге үйрендік. Сондықтан бүгінгі сенбілікке қатысу қиындық тудырмады, керісінше қалыптасқан дағдымның жалғасы іспетті. Мекеме аумағын тазалау жұмыстарына белсене араласып, ортақ іске өз үлесімді қосуға тырыстым. Әрине, айналаның тазалығы адам көңіліне де әсер етеді. Қоршаған орта таза болса, жұмыс та жеңіл, көңіл де көтеріңкі болады деп есептеймін, – дейді Режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет сержанты Ернұр Еркін.

З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: