Бейсенбі, 02 мамыр, 11:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Тергеу мекемесінде сотталған азамат некесін қиды

09.11.2023

344 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші азамат некесін қиды.
Жазалау орындарында некеге тұру сирек жайт . Өйткені неке – қамаудағы азаматты тәртіпке келтіріп, мерзімінен бұрын босатуға ынталандырады. Әрі жаза мерзімін өтеу барысында, бостандыққа шығуға үлкен үміт сыйлайды.
Бүгін міне, ҚР ҚК- тің 188–бабының 3-тармағының 3-бөлігімен айыпталушы азамат өз тағдырын жолықтырып некелесті . Олардың неке куәлігін табыстау үшін мекемеге Қызылорда қалалық АХАТ бөлімінің іс жүргізушісі Омарава Жадыра Оразғалиқызы келіп қол қойдырып табыстады. Махаббаттарын заңдастырған қос ғашық қуанып, мекеме заңгері Г.Қарашаеваға алғыстарын білдірді.

  • Бостандықта жүргенде азаматтық некеде болған сүйіктім, басыма іс түскенде тастап кетпей, күн сайын сәлем-сауқат әкеліп, хал-жағдайымды біліп кетеді. Маған оның адалдығы ұнады. Сондықтан жас алшақтығына қарамай ара-қатынасымызды заңдастыру мақсатында өтініш жаздық. Мекеме заңгері Г.Қарашаеваның ықпалымен неке куәлігін алдық. «Енді сотталып кеткен күнде кездесуге келіп тұрамын» дейді сүйіктім. Оңай жолмен ақша тауып, қылмыс жасадым. Енді міне, заң алдында жауап беруге тура келеді.Бірнеше жылдар темірторда отырамын. Бірақ қиын шақта қолдап, менімен бас құрауға келіскен жан бар. Бұл неке маған үміт сыйлайды – дейді сотталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: