Жексенбі, 19 мамыр, 23:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Тергеу мекемесінде тағы бір азамат бостандыққа шықты

02.10.2023

195 0

          Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде шарушылық қызметіне қалдырылған «Ш» есімді азамат темір тордан, бостандық өмірге қадам басты. Бұған дейін ол, 181-бабтың 1-тармағы бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

  • Бұл мекемеде бес жыл мерзімде өзімнің қателігімнің салдарынан жазамды өтедім. Қыркүйек айының 28-ші жұлдызында жазамды толық өтеп, бостандыққа шығып отырмын. Бұл аралықта өзімнің қателіктерімді ой елегінен өткеріп, алдағы уақытта мұндай жазаны қайта жасамаймын деп  өз-өзіме ант бердім. Ендігі өмірімде отбасыма көңіл бөліп, қыздарымның және әйелімнің көңілін тауып, сондай-ақ, ата-анама уақытымды арнаймын. Тергеу мекемесінің басшысына, сонымен қатар, қызметкерлеріне алғысым шексіз деп өз рақметін айтты,- еркіндік өмірге қадам басқан азамат.
  • Мекемеде «Ш» есімді азамат өзінің жазасын өтеу барысында өзінің белсенділігімен, талантты, дарындылығымен көзге жақсы түсе білді. Сондай-ақ, тәртібі жағынан шағым түспейтін. Шаруашылық қызметте жұмыс жасап, мекеме тарапынан берілетін айлық табысын өзіне және отбасына беріп пайдасын тигізетін. Көптеген іс-шараларға өз еркімен белсене қатысып, түрлі өлеңдер оқып, алғыр бола білді. Сондай-ақ босатылып жатқан азаматқа мекеме тарапынан жол жүру билеті беріліп, шығарып салынды дейді,- АКАӘПТЖБ-нің жасақ бастығы әділет лейтенанты Рамазан Әлмахан.

          Мекемеден шығар-шықпас «Ш» есімді азаматтың туған туыстары, жақын достары жылы қарсы алып, құшақтарын кеңге жайып, сағына қарсы алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: