Жексенбі, 06 қазан, 02:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Тіл –қоғамның айнасы!

18.09.2024

295 0

Сурет: sarkan-gazeta.kz

      Тіл бүкіл бір халықтың жүрегі.  Оның бойында ұлттық болмыс, ұлттық рух , дәстүр мен салт жатыр.  Тіл-ұлттың  жаны, халықтығының  асыл белгісі намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңмен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп қорғау келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты,  білімді де еңбекқор ұл-қыздары, біздерге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат.

     Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.

      Туған тіліңді қорғау-туған отаныңды қорғаудадан маңыздырақ.Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме кеш пе әйтеуір азат етеріңе сенесін. Ал тілің жауланса бітті. Басқа тілге көшіп, туған тілін ұмытқан және өз ата байлығына қайта оралуға бойы жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық жоғалтып үлгерген, өзіңе түрі ғана ұқсайтын қандастарын жаудан бетер қарсыласады.  Олардың үлкен бөлігінің ана тілін мойындамай, өзге тілдің мүддесін ашық түрде қолдауыынң арқасында ұлт жойылуға бет алады. Әлгі бейшара ұлт үшін бұған теңдес қасірет болған емес.

       Ана тілі қанның, қиылған жанның толқытқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сағындысы оған дәм де, мәнде болу керек. (С.Торайғыров) . Бірақ қазақ тілі-тек қазақ халқының тілі емес, мемелкеттік тіл ортақ тіл екенін ұмытпағанымыз жөн болар. «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деген Елбасымыздың  сөзін есте сақтағанымыз дұрыс болар.  Қақақ  тілі өте бай, орамды, көркем тіл. Тіл арқылы өнер білімді, мәдениеттілікті қоғамдық белсенді азаматы сол тіл арқылы үйренеді.  Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларынұрпақтан ұрпаққа  алдымен ана тілі арқылы табыс етеді.  Сондықтан ана тілін білмей, ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес.

      Қазақ тілі- рухани байлығымыздың қайнар бұлағы деп бекер айтылмайды.  Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Ол үшін ана тідіміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз және насихаттауымыз керек.  Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті.Мемелкеттік тіл мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байрғы иесі болып саналатын халықтың тілі  мемелкеттік тіл болып бекітілді.     

   Абай әрлеген тіл де, Жамбыл жырлаған тілде- қазақ тілі. Тіл байлығы- әрбір ұлттың мақтанышы болғандықта, әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарап оның орынсыз шұбарлауына қарсы тұруға тиісті. Мәңгілік еліміздің-тілі мәңгі жасауы үшінана тілімізді қастерлеп мерейін өсіріп, мәртебесін сақтау баршамыздың басты міндетіміз.

Н.Асылбекова                                            

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маман сот отырысының хатшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: