Құрылтай

Дүйсенбі, 03 тамыз, 12:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№57 (2269)
01.08.2026
PDF мұрағаты

Түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сатқан 181 дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

03.08.2026

48 0

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторлары алкогольдік ішімдіктерді заңсыз сату фактілерінің алдын алу, сондай-ақ қоғамдық орындарда мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жолын кесу бағытында күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Жыл басынан бері алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзған 181 азық-түлік дүкенінің сатушысына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот қаулысымен 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.

Еске сала кетсек, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабына сәйкес мейрамханаларда, барларда, дәмханаларда және заңда көзделген өзге де орындарды қоспағанда, алкоголь өнімдерін бөлшек сауда арқылы:

  • сағат 23:00-ден келесі күнгі 08:00-ге дейін сатуға;
  • құрамындағы этил спиртінің көлемдік үлесі 30 пайыздан асатын алкоголь өнімдерін сағат 21:00-ден келесі күнгі 12:00-ге дейін сатуға тыйым салынады.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: