Сенбі, 11 мамыр, 01:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Үкімет жаңа заң жобасын ұсынды

23.01.2024

284 0

Сурет: egemen.kz

Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын таныстыру аяқталды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі жедел уәкіл Динара Зәкиева айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

«Балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату, сондай-ақ отбасылар мен балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын құру жөніндегі барлық түзетулер Үкімет қорытындысында қолдау тапты. Бұдан әрі олар Мәжілісте талқыланатын болады», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Бала құқықтары жөніндегі жедел уәкілдің сөзінше, Үкіметтің қорытындысы – заң жобасымен жұмыс істеудің маңызды және көп уақыт алатын бөліктерінің бірі. Оң қорытынды шықпаса, іс жүзінде норма қабылданбайды.

Былтыр қыркүйекте Amanat-тың Мәжілістегі фракциясында және БП-да таныстырған балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша енгізілген 40-тан астам түзету үкіметтен қолдау тапты, олар:

  • балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін татуласу мүмкіндігін алып тастау және жазаны қатаңдату: азаптау (баптың жаңа редакциясы), қатыгездік, денсаулыққа ауыр, орташа зиян келтіру, кәмелетке толмағанды ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру үшін;
  • зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни балаларға қатысты ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу (заң жобасы аясында ересектерге де қатысты);
  • бала зорлау үшін бас бостандығынан өмір бойына айыру;
  • балаға жыныстық сипатта тиісуге қатысты бап енгізу;
  • балаға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша тергеу әрекеттері кезінде қамауда ұстау;
  • балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялауды енгізу (МӘМ, лагерьлер);
  • баланы автобустан мәжбүрлі түрде түсіріп тастау үшін; буллинг үшін жауапкершілік енгізу;

Профилактикаға қатысты:

  • отбасыларға, балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын құру (Отбасын қолдау орталықтарын, Балаларды психологиялық қолдау орталықтарын ашу);
  • қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру құзыретін бекіту;
  • агрессормен психологиялық жұмыс (ҚК-ке ерекше талаптар институтын енгізу аясында);
  • зорлық-зомбылыққа, буллингке ұшыраған балаларға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу құзыретін енгізу.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: