Сенбі, 07 желтоқсан, 22:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта құру жоспарланып отыр

08.04.2022

1356 0

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта құру жоспарланып отыр. ҰҚК төрағасының тиісті жарлық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Атап айтқанда, мына құрылымдар қайта құрылады: 

Ақпаратты техникалық қорғау орталығы мен Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы Ақпаратты техникалық қорғау мен мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығымен біріктіріледі;

Маңғыстау облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;

Алматы облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің «Алматы» жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;

Шығыс Қазақстан облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;

ҰҚК Авиациялық басқару мекемесі ҰҚК Авиация қызметіне қосылады.Осылайша Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында мына құрылымдар қалады: Авиациялық қызмет, Шекара қызметі, Сыртқы барлау қызметі, Үкіметтік байланыс қызметі және «А» арнаулы мақсаттағы қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: