Сәрсенбі, 24 сәуiр, 23:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ұрланған телефон иесіне қайтарылып, қала тұрғыны полицейлерге алғыс білдірді

03.02.2022

716 0

Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Әр істің артында адам тұр десек, осынау мейлінше ауыр жұмысты арқалаған анықтаушының әр сағатының өзі сан түрлі оқиғамен өріліп, оған қаншама күш-қайрат жұмсалатынын елеп-ескеру қиын емес. Анықтау органдарында негізінен өз тағдырын қиыншылығы мен қызығы мол, ауыр мәртебелі мамандықпен байланыстыруды жастайынан мақсат тұтқан қызметкерлер жұмыс істейді. Осындай абыройды арқалап жүрген маманның бірі – Мизамадин Жасұлан Зейілбекұлы.
​Бұлай айтуымызға себеп қала тұрғыны Ізбасарова Фарида Қызылорда қалалық Полиция басқармасына келіп, Полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.


2022 жылдың қаңтар айында қала тұрғыны ұялы телефонын белгісіз адам ұрлап кеткендігі жайында Полиция басқармасына арызданған.
Полиция Басқармасының анықтаушысы,аға полиция лейтенанты Жасұлан Зейілбекұлы қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, кәсібилігінің арқасында жедел түрде жәбірленушіге ұялы телефоны қайтарылды.


Өз кезегінде қала тұрғыны Ізбасарова Фарида Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығына және анықтау бөлімінің жеке құрамына өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарына табыс тіледі.


Айта кетейіік, қызылордалық тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтарға қарсы тұрып, азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, әрдайым көмекке мұқтаж жандарға заң шеңберінде көмек көрсетіп, қоғамның тыныштығын сақтап келеді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: